Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді

None
None
АСТАНА. Қазақпарат - Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (5-0, 5 КО) кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Минсктегі Prime Hall клубында «Сегізаяқ» атты бокс, аралас жекпе-жек және муай-тайдан халықаралық турнирде жерлесіміз тәжірибелі грузин боксшысы Гогито Горгиладземен (38-25, 32 КО) кездесті.

Кездесудің екінші раундында Кособуцкий техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша Жан кәсіпқой рингтегі 6-шы жеңісіне қол жеткізді. Ол барлық кездесуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, бұған дейін Кособуцкий ақпан айында украиналық Максим Педюраны (14-13-1, 12 КО) жеңген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар