Қазақстандық боксшы қарсыласын 33 секундта нокаутқа жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Николай Шваб кәсіпқой бокстағы мансабын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

25 жастағы боксшы профи-рингтегі алғашқы айқасын АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында (Луизиана штаты) өткізді. Төрт раундқа есептелген жекпе-жекте оның қарсыласы жергілікті боксшы Амони Сандерс (0-2) болды. Жеңіл салмақтағы айқас бірінші раундтан әрі аспады. Н.Шваб алғашқы раундтың 33-інші секундында-ақ оппонентін нокаутқа жіберді.

Осылайша, қазақстандық кәсіби мансабындағы алғашқы жеңісіне жетті. Ал А.Сандерстің активіне үшінші жеңіліс жазылды.

Соңғы жаңалықтар