Қазақстандық боксшы Қанат Ислам WBA рейтингінде бір саты жоғары көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBA) әлем боксшыларының жаңартылған рейтингтерін шығарды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірінші ауыр салмақта шығып отырған Бейбіт Шүменов WBA (Regular) чемпионы атағына дейін көтеріліп, сол арқылы бірінші позицияны Юниер Дортикосқа берді.

Бірінші орташа категорияда Қанат Ислам жетінші орыннан алтыншыға көтерілді, Жанқош Тұраров жартылай орташа салмақта 15-ші орында қалды, ал Жанат Жақиянов ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі 15 үздік спортшының тізімінде көш бастап отыр.

Соңғы жаңалықтар