Қазақстандық боксшы Ескендір Харсан қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Остинде (Техас штаты, АҚШ) қазақстандық боксшы Ескендір Харсан кәсіби рингте өзінің төртінші кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы америкалық жартылай жеңіл салмақтағы боксшы Ричард Муньез (1-2-1) болатын. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген еді. Алайда ол мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Ескендір Муньезді денесінен ұрып, нокаутқа жіберді.

Айта кететін мәселе 21 жастағы Ескендір Харсан Қазақстанның еңбегі сіңген бапкер Сағатбек Мұсахановтың жетекшілігімен Алматыда жаттығады.

Соңғы жаңалықтар