Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін жұдырықтасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) келесі жекпе-жегі қашан болатыны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәурен Елеусінов 15 тамызда Мексиканың Гвадалахара қаласында жұдырықтасады. Елеусіновтің қарсыласы Мексика боксшысы Хуан Карлос Райгоса (16-15-3, 6 КО) болады, боксшылар WBC International аталымы бойынша орташа салмақта чемпион белдігі үшін жұдырықтасады.

Sports.kz сайты таратқан мәліметке қарағанда, WBC-дің бұл дивизиондағы әлем чемпионы – американдық боксшы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО). Ол мексикалық боксшы Сауль Альвареске (53-1-2, 36 КО) «франчайзинг» чемпионы мәртебесінің берілуіне байланысты әлем чемпионы атанған.



Соңғы жаңалықтар