Қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіби боксшылар Мейірім Нұрсұлтанов пен Мадияр Әшкеев Санта-Инестегі (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында кезекті жеңістеріне қол жеткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8 КО) мексикалық Рамон Агинагиді екінші раундта нокаутқа түсірді. Бұл оның оныншы айқасындағы оныншы жеңісі. Оның сегізі мерзімінен бұрын аяқталған еді. Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) басты бокс кешінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен пуэрторикалық Луис Эрнандесті жеңді. Бұл оның 11-ші айқасындағы 11-ші жеңісі.

Соңғы жаңалықтар