Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова АҚШ-та GBO чемпиондық белдігін жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Коммерс қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы Гаити өкілі Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) рингке шықты.

Олар жеңіл салмақта GBO версиясы бойыншы чемпиондық белдікті сарапқа салды.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Аидаға берілді.

Осылайша, Аида Сатыбалдинова өзінің кәсіпқой боксындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Д.Павилус алтыншы рет жеңілді.

А.Сатыбалдинова 2019 жылдың шілдесінен бері рингке шықпаған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дамир Ысмағұловтың бесінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар