Қазақстандық блоггерлардың саны аймақтық журналистермен толықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Қазанның 4-і мен 5-інде Талдықорғанда «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен журналистерге арналған семинар өткізілді.

Орталықтың директоры Есенгүл Кәпқызы хабарлағандай, бұл іс-шара Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қаржылай көмегінің арқасында ұйымдастырылды.

«Семинардың тақырыбы - "Аймақтық журналистика және жаңа медиа". Бұл оқулардың мақсаты - қазақ тілінде жазатын журналистерді жаңа медиа-технологияларды енгізу біліктілігіне үйрету. Сонымен қатар, оларды өзінің кәсіби қызметінде пайдалана білу», - деп атап өтті Есенгүл Кәпқызы.

Семинар-тренинг жұмысына аудандық, қалалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының 12 журналисі қатысты. Негізінен олар облыстық «Жетісу» телеарнасының репортерлері.

Екі күн ішінде баяндамашылар Асхат Еркімбай, Әлия Сембай мен Дінмұхамед Зиядин интернет мүмкіндіктерін жедел байланыс, коммуникация құралы ретінде, алынған мәліметтерді бекіту, мағлұматтарды өңдеудің, мәтіндерді редакциялаудың, сонымен қатар ақпаратты жинау, сақтау және тез арада жеткізу құралы ретінде пайдалануға үйретті.

Сонымен қатар, барлық 12 журналист ұстаздардың көмегімен өз блогтарын құрып алды.

Соңғы жаңалықтар