Қазақстандық блогерлер онлайн-жарнаманы таңбалауға міндеттеледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Онлайн-жарнаманы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын ашық талқыға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім болғандай, енді блогерлер жариялайтын жарнамалар міндетті таңбалауға жатады.

«Таңбалауға инфлюенсерлер (блогерлермен) коммерциялық және шарттық негізде орналастыратын онлайн-жарнама жатады. Таңбалау оны нақты сәйкестендіру мүмкіндігімен мәтіндік форматта жүзеге асырылады. Таңбалау орналастырылған материалдың жарнама екендігі туралы мәтіндік нұсқауды қамтиды», - делінген бұйрық-жобасында.

Құжатта көрсетілгендей, блогерлер жарнаманы әлеуметтік желілерге жүктеу кезінде оның қандай материал екенін көрсетіп, онда мына мәтіндердің бірін жазуы тиіс:

- «жарнама»;

- «жарнамалық материал»;

- «серіктестік материал»;

- «демеушілік материал»;

- «жарнама құқығында жарияланған»;

- «жарнама құқығында»;

- «демеуші төлеген»;

- «PR құқығында».

Бұйрық 8 тамызға дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар