Қазақстандық блогер карантинге қарамастан Оралда кеш өткізген

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық блогер Айдын Түсіпов карантинге қарамастан Оралға келіп, кеш өткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшесі Мәлік Жұмағалиевтің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғанындай, А.Түсіпов Оралға 4 сәуір күні келіп, кешкісін мейрамханалардың бірінде болған.

Карантин кезінде мейрамханалардың жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, ол достарымен кальян мен кешкі асқа тапсырыс берген.

Бұл туралы Telegram-каналдың Орал жаңалықтарында жария етілген. Видеода блогер тапсырыс берген уақыттың сағат 22.25 екендігін көрсетеді. Сондай-ақ А.Түсіпов «Орал қарсы алды. Біз үшін мейрамхана ашық, барлық қызметкерлері қызмет көрсетуде» деген жазу қалдырған.

Бір апта бұрын Сочиде болған блогер Инстаграмда Оралға жетуі үшін блокпосттардан қалай өткендігін де жазған.

Осыған байланысты М.Жұмағалиев бұл оқиғаны аяқсыз қалдырмай, кінәлілерді жауапқа тарту керектігін атап өткен.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, қазіргі кезде блогер ұсталды. Төтенше жағдай талабын бұзған ол әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, блогердің достарымен болған орын анықталу үстінде.




Соңғы жаңалықтар