Қазақстандық бизнесмендер кедендік баж салығын төлеу мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздің жаңа Кеден кодексінің жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасын таныстырған ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұловтың атап өтуінше, Кеден кодексі жобасының құрылымы кедендік операцияларды жеделдету үшін жасалған.

«Кеден заңнамасының қосымшаларына тоқталғым келеді. Бұл кедендік реттеуге түбегейлі жаңа тәсіл - кедендегі бизнес процесстерді автоматтандыру. Электронды декларациялау енгізіледі. Қағаз түріндегі декаларция тек жекелеген жағдайларда мәселен, техникалық іркіліс барысында ғана қалады. «Бір терезе» тетігі қарастырылған. Кеден органдары декларация тапсырушыдан құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін сұрау салуға мүмкіндіктері болғанда сұрамайды», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған екі қағиданы жүзеге асыру  тауарларды автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін болады.

«Ақпараттық технологияларға басымдық беруден бөлек, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға өздерінің шығыстарын оңтайландыруға жол ашатын жасайтын бірқатар мүмкіншіліктер пайда болады. Мәселен, кедендік баж салығы бойынша төлем жасау мерзімін кейінге шегере алады. Мемлекет декларантқа пайыздар төлеу арқылы бір ай мерзімін кейінге шегеру мүмкіндігін қолдану құқығын береді», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, жекелеген жағдайларда пайызсыз 6 айға дейін төлем мерзімін кейінге шегеруге болады. Мәселен, халықаралық келісімшарттар аясында ауыл шаруашылығы техникаларын, егістік материалдарын, асыл тұқымды малдарды әкелгенде, табиғи апат, технологиялық апат кезінде төлеушіге шығын келген жағдайда баж салығын төлеу мерзімі 6 айға дейін кейінге қалдырылады.

Соңғы жаңалықтар