Қазақстандық бизнесмендер бүгінін ғана ойламауы керек - неміс сарапшы

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Германиялық сарапшы Ульрих Майер Қазақстандағы бизнес саласының дамуына баға беріп, орынды ұсыныстар айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

«Германия өкілі Ульрих Майер Жамбыл облысына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдараламасы аясында келген», -  деді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Шухрат Хашимов.

Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейіне қандай баға бересіз деген сұраққа Ульрих Майер ашық жауап берді: «Егер сіздер бизнестің дамуын шынымен қолдағыларыңыз келсе, барлық ережені түбегейлі өзгерту қажет. Жалпы, Қазақстандағы, соның ішінде Жамбыл облысындағы бизнес саласының дамуына оң баға беремін», - деді ол.

Сарапшының пікірінше, Кәсіпкерлер палатасы мен басқа да меморгандар елдегі бизнес-климатты жақсарту үшін көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Сіздердің кәсіпкерлеріңізге айтар бір тілегім бар - олар барын қанағат тұтып, бір күнімен өмір сүрмеуі керек. Барлығы өз ісінің болашағы үшін жұмыс істеуі керек. Бизнесте бүгінгі пайда немесе табыс болмауы керек. Егер сіздің ісіңіз бір жолға түсіп, дәл осындай үрдіс жалғасатын болса, ол сіздің дамымай қалғаныңызды білдіреді. Өзін-өзі жетілдіріп, дамып, тек қана алға жылу керек. Екінші мәселе -ауылдық жерлерде жалақының төмен болуы. Еуропада ауыл шаруашылығы жұмысшылары, басқа да салалардың қызметкерлері айтарлықтай көп жалақы алады, ал бұл туралы тек мемлекет қана емес, бизнесмендер де ойлануы қажет», - деді ол. 

Ульрих Майер несие беру мәселесіне де назар аударды.

«Сіздердің банктеріңіздегі қойылатын проценттік мөлшерлеме тым жоғары. Өз істерін бастағысы келетін немесе дамытқысы келетін кәсіпкерлер несиелеуді пайдаланбайтын болады. Бұл жердегі басты себеп - жобаның экономикалық тиімсіздігі немесе несиені төлей алмаудан қорқуы. Егер кәсіпкер несиелеуді қолданса да, оның барлық тапқан табысы оны төлеуге жұмсалатын болады. Бұл дұрыс емес. Оның ақшасы қалмайды және кәсібін ары қарай өркендетуге деген ниеті де кетіп қалады. Себебі, ол үнемі банктен алған қарызын ойлайтын болады. Бұл жерде қаржылық институттардың қолдауы ауадай қажет», - деп түйіндеді шетелдік сарапшы. 

Соңғы жаңалықтар