Қазақстандық бизнесмен боксшы Мадияр Әшкеевке темір тұлпар мінгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадияр Әшкеевке (14-0, 7КО) жанкүйер болып жүрген қазақстандық бизнесмендердің бірі кәсіпқой боксшыға темір тұлпар мінгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін қазақ спортшыларының шын жанкүйері әрі қолдаушысы болып жүрген Қайрат ағамыз тосынсый жасап, Тойота темір тұлпарын тарту етті! Бұл жалпы қазақ жігіттеріне көрсетілген құрмет деп қабылдадым!» - деп жазды боксшы парақшасында.

Айта кетсек, қазақстандық кәсіқой боксшы Гавайан Гарденс (Калифорния штаты) қаласындағы бокс кешін 37 жастағы аргентиналық Родольфо Эзикель Мартинесті (43-8-3, 16 КО) жеңген болатын. Ол америкалықты жеңіп, алғашқы титулына қол жеткізген еді.

Айта кетерлігі, Мадияр Әшкеевті АҚШ-та қазіргі таңда белгілі бапкер Бадди Макгирт дайындап жатыр.

Соңғы жаңалықтар