Қазақстандық бизнес туралы үздік материал жариялаған тілшілер марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа» орталығында ЕАЭО нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік пен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы туралы үздік материал жариялаған БАҚ өкілдері арасындағы жыл сайынғы республикалық байқаудың марапаттау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқауды «Атамекен» ҰКП ұйымдастырып отыр. Сарапшылар комиссиясы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ге тарта материалды қабылдаған. Байқаудың жалпы қоры - 2,28 млн теңге. Байқау төрт номинация бойынша ұйымдастырылып, төрешілер 300 еңбектің ішінен үздік 16-сын таңдап алған. Бірінші орын алғандар 300 мың теңгеге ие болса, екінші орын иеленгендерге 200 мың теңге, үшінші орын иегерлеріне 100 мың теңге табысталды.

Комиссия мүшелері атап өткендей, еңбектердің көбі «Баспасөз беттеріндегі үздік талдау материалдары» номинациясы бойынша ұсынылған. Байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан материалдар келіп түскен. Ұймыдастырушылардың айтуынша, бағалау кезінде әділ қазылар материалдың шынайылығына, жаңашылдығына, айқындылығы мен ақпараттың сенімділігіне, сонымен бірге тілшінің этикалық қағидаттарына сәйкестігі есепке алынған.

«Мұндай байқаулар әлбетте керек. Аймақтық тілшілердің де еңбегі бағалануы керек. Журналистердің жұмысын бағалайтын комиссия құрамына редакторлар, белгілі тілшілер енді», - дейді қазылардың төрағасы, публицист Намазалы Омашев.

Соңғы жаңалықтар