Қазақстандық бітімгерші Батыс Сахарада əскери міндетін өтеп келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- ҚР Қарулы күштерінің əскери қызметкері, подполковник Ерлан Жортанов Батыс Сахарада бітімгершілік миссиясын өтеп келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауапты мүше ретіндегі халықаралық міндетіне сəйкес, БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясы аясында подполковник Ерлан Жортанов Батыс Сахарада əскери бақылаушы міндетін өтеп келді», - делінген министрлік хабарламасында.

БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздік қолдау мақсатында 30-дан астам елдің әскери өкілдері бітімгершілік миссиясын өтеді.

Е.Жортанов берілген тапсырманы табысты орындағаны және жеке қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның миссия басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетсек, биыл Елбасы БҰҰ-ның миссияларына Қазақстанның 40 әскери қызметшілерін жіберу туралы ұсынысын жария еткен болатын. Мемлекет басшысының дерегінше, Батыс Сахарада Қазақстанның 5  әскери қызметшісі қызмет атқаруда. Көптеген қазақстандық офицерлер бітімгершілікке қосқан үлесі үшін медальдармен наградталды және миссиялардан алғыс алды. Сондай-ақ Сахарада БҰҰ-ның миссиясында басшылық лауазымдарға тағайындалған қазақстандықтар да бар.

Одан бөлек, осы жылдың қазан айында қазақстандық 120 әскери қызметші БҰҰ-ның уақытша күштері миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына келді. Бұл ҚР Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет бітімгерлік контингенті Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі БҰҰ-ның миссиясына қатысуда екенін айта кеткен жөн.

 

Соңғы жаңалықтар