Қазақстандық бітімгерлер Қызыл Крест тренингінен өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Халықаралық әлеуметтік құқық және қарулы қақтығыстар құқығы жөніндегі нұсқаушыларға арналған тренинг Алматы қаласында «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» (КАЗЦЕНТ) оқу орталығында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сабақ Орта Азиядағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің аймақтық өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Тренинг Қазақстан қорғаныс ведомствосы мен халықаралық ұйымның 2019 жылға бекіткен ынтымақтастық жоспарына сәйкес бірлескен шараларының бір бөлігі.
Бұдан басқа, бітімгершілік әлеуетін одан әрі дамыту және қазақстандық әскери қызметшілерді даярлау аясында «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» оқу орталығының (ҚАЗЦЕНТ) бастығы, полковник Амангелді Әубәкіров ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Әшібаевпен кездесті.
Тараптар орталықтың ағымдағы қызметін талқылады және ынтымақтастықты жалғастыруға, оның ішінде үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстанның әскери қызметкерлерін даярлауды ұйымдастыруға дайын екенін растады.
- Елордалық авиация базасының құрылғанына 21 жыл толды
- Әскери қызметшілер арнайы дайындықтан өтіп жатыр
- Алматыда әйгілі «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды
- Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттарының жаппай улану себебі анықталуда
-
Министр Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасын дабыл бойынша көтерді
-
Әскери полиция басқармасының бастығы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам