USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Қазақстандық бітімгерлер Африка елдерінде БҰҰ миссиясына қатысуы мүмкін

2021 жылғы 2 желтоқсан 18:41
Бөлісіңіз:
Қазақстандық бітімгерлер Африка елдерінде БҰҰ миссиясына қатысуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық бітімгерлерді БҰҰ-ның Африкадағы операцияларына дайындау мәселесі қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Желіде тараған бала мен сарбаздың суреті Шымкентте түсірілген Бүгін ҰҚШҰ Қазақстаннан бітімгерлерді шығаруды бастайды ШҚО-да жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алған 7 әскери қайта сапқа тұрды

Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл крест комитеті арасында онлайн түрде штабтық келіссөз жүргізілді.

Тараптар БҰҰ-ның Африкадағы миссияларына қатысу мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін дайындаудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің сарапшылары Орталық Африка Республикасы, Конго және Малидегі қазіргі гуманитарлық жағдайға қатысты тәжірибе және деректерді бөлісті.

Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентін даярлау шеңберінде қорғаныс ведомствосымен ынтымақтастық жоғары бағаланды.

Бұл ретте Бітімгершілік дайындық орталығы және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен өзара іс-қимылды атап өтуге болады.

Халықаралық Қызыл Крест комитеті ел әскері үшін мамандар даярлауға, Қазақстан аумағындағы оқу-жаттығуға қатысу үшін өкілдер жіберуге, сондай-ақ нұсқаушылар құрамын алмастыруға қолдау көрсетуге әзір екенін растады.

Естеріңізге сала кетсек, Швейцарияға жасаған ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің Президенті Петер Мауермен кездесіп, онда ел әскери қызметшілерінің БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысу ауқымын кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы мәлімдеген болатын.

Әскери контингент жіберетін ел ретінде Қазақстанның рөлі ерекше аталды.

Бұған дейін ел Президенті Қазақстанның бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына бейілділігін Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі іс жүзінде көрсетеді деп атап өткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT