Қазақстандық биатлоншылар қысқы универсиадада күміс медальға қол жеткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетада күміс медальға қол жеткізді.

Құрамында Галина Вишневская, Анна Кистанова, Максим Браун, Василий Подкорытов бар қазақстандықтар ресейліктерден кейін екінші орынды иеленді.

Бүгін қазақстандық шаңғышы қыздар да күміс жүлдені еншілеген болатын. Осымен Қазақстан құрамасы медаль санын бесеуге (екі алтын, үш күміс) жеткізді.

Универсиада одан әрі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар