Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогында алғаш рет қола жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Эстерсунд қаласында өтіп жатқан Биатлоннан әлем кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан спортшылары қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы спорт журналисі Руслан Мелдебек Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Тойла, Қазақстан! Биатлоннан əлем кубогында қола алдық! Галина Вишневская мен Максим Браун екілік-микстта үздік үштікте. Тарихи медаль!», - деп жазды ол.
Мәре сызығын бірінші болып австриялық биатлоншылар Лиза Тереза Хаузер мен Симон Эдер кесіп өтті, Германия спортшылары Ванесса Хинц пен Эрика Лессер екінші орында. Қазақстандықтар Галина Вишневская мен Максим Браун үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетерлігі, Эстерсундтағы кезең 3 желтоқсанда аяқталады, ал 7-10 желтоқсанда Әлем кубогі Австрияның Хохфильцен кентінде жалғасады.
Айта кетейік, қазақстандық биатлоншылар 2018 жылы өтетін Қысқы олимпиадаға 10 лицензия жеңіп алды. Өткен маусымдағы Әлем чемпионаты мен ұлт кубогында қазақстандық әйелдер құрамасы ең мықты 10 команданың құрамына енсе, ерлер ұлттық құрамасы ТОП-15 кірді.
Сондай-ақ, биатлоннан ұлттық команда Олимпиадағы даярлықтарын шыңдау үшін, қарашаның 11-і мен 8 қаңтар аралығында Әлем Кубогы мен IBU кубогінің кезеңдеріне қатысып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар