+7 (701) 759 90 19
USD 377.19 EUR 408.99
RUB 5.93 CNY 54.02
Jańalyqtar

Қазақстандық би студиясы Мәскеуде өткен фестивальде жеңімпаз атанды

2020 жылғы 11 қаңтар 13:17
Бөлісіңіз:
Қазақстандық би студиясы Мәскеуде өткен фестивальде жеңімпаз атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батысқазақстандық Қарлығаш Қадырбекова бастаған «ҚҚҚ» би студиясы Мәскеу қаласында өткен ІІ халықаралық «ГРАН-ПРИ ФЕСТ. Москва» көп жанрлы фестиваль-конкурсының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Рахат-Би Әбдісағин концерт берді Елордада «Сан қырлы символизм» көрмесі ашылды Қызылордадағы Абай ауылында Абай шығармашылығы насихатталды

«Космос» концерттік залында өткен байқауға Ресейдің 23 қаласынан және ТМД елдерінен 56 ұжым қатысып, бақ сынады.

Бағдарлама ережесі бойынша қатысушылардың кәсіби шеберлігі, өнер сапасы, сахналық қарым-қабілеті бағаланды.

Батысқазақстандық би студиясы ұжымдық өнерден Гран-приді жеңіп алса, жеке орындаушылардан Гүлдана Қадерова «Тұмар ханшайым» биімен, Ақнұр Шәріпова «Жезтырнағымен», сондай-ақ бүлдіршіндер «Хорезм» биімен бірінші дәрежелі дипломға ие болды. Оған қоса жыл соңында Сочиде өтетін бүкілресейлік фестиваль-байқауға жолдама алды.

Қазылар алқасының құрамында ресейлік өнер саласының белді мамандары болды.

«Бұл – халықаралық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, топ жарған Ақ Жайық өнерпаздарының жеңісі. Осы байқауға Қазақ елінің атынан шығатын болғаннан кейін үлкен жауапкершілікпен бардық. Еңбегіміздің жемісін көріп, сенім үдесінен шыққанымызға қуаныштымыз», деді танымал хореограф Қарлығаш Қадырбекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT