Қазақстандық бессайыс шеберлері әлемдік турнирге қатысып, жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің бессайысшылары тұңғыш рет өткізілген халықаралық онлайн турнирде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) лазерлі тапаншадан атудан әлемдегі бірінші онлайн жарыстың іріктеу сынын өткізген болатын. Байрақты бәсекенің алғашқы айналымында 35 мемлекеттен 256 спортшы бақ сынады. Негізі, финалдық кезеңге өту үшін спортшылар төрт серияда жеңіске жетуі тиіс. Ал ұтылған атлеттер автоматты түрде жарыстан шығады.

«Өкінішке қарай, қазақстандық атлеттер Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко финалға өте алған жоқ. Ильяшенко ауғанстандық Шабан Султаниден, Потапенко ұлыбританиялық Клементина Купреден жеңілді», делінген комитеттің хабарламасында.

Әлемдік доданың финалы 9 қыркүйекке жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар