Қазақстандық бес ауыр атлет Лас-Вегаста өтетін Әлем чемпионатына аттанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының 8-15 аралығында Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жастар арасындағы Әлем чемпионаты өтеді. Аталмыш біріншілікте ел намысын бес қазақстандық спортшы қорғамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметінен хабарланғандай, чемпионатқа әлемнің 50 елінен 13-17 жас аралығындағы ауыр атлеттер өзара бақ сынайды. Қазақстанның намысын Америкада Ақмолда Сайрамкез (61 келіге дейінгі салмақ), Сайхан Тайсуев (67 келіге дейінгі салмақта), Сәпи Есенгелді (81 келіге дейінгі салмақта), Рахат Бекболат (96 келіге дейінгі салмақта) және Ольга Пастухова (81 келіге дейінгі салмақта) қорғайды.

«Әлем чемпионатына қауырт дайындықты осы жылдың қаңтар айынан бастап кеткенбіз. Жас спортшыларымыз Түркия мен Алматы облысының спорттық базаларында екі бірдей оқу-жаттығу жиынынан өтті. Ең мықты деген бес спортшыны таңдап алдық. Саңлақтарымыздың бабы жақсы. Бәрі дайын. Әсіресе, Сайхан Тайсуев пен Ольга Пастуховада үштікке ілінетіндей барлық мүмкіндік бар», - дейді жастар құрамасының бас бапкері Бақыт Ахметов.

null

Соңғы жаңалықтар