Қазақстандық бензин Еуроодақ стандарттымен сертификатталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау мұнай өңдеу зауытында шығарылатын бензин Еуроодақстандарттымен сертификатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, қазақстандық өнім REACH
сертификатын иеленіп, Еуроодақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен
олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өткен.
«REACH регламентіне сәйкес, Еуроодақта жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез келген химиялық зат тіркеуге жатады. REACH сертификаты – еуроаймақ елдері үшін тіркелген бензин импорттаушысы болып табылатын қазақстандық кәсіпорынның экспорттық мүмкіндігін дамытудағы маңызды қадам.
Былтырғы сәуірде АМӨЗ өндірісіндегі хош иісті көмірсутектері – бензол және параксилол
REACH сертификаттауынан өтті. Ал, бензин Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігі
расталған кәсіпорынның үшінші өнімі болып отыр», -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінен.
REACH сертификаты Атырауда шығарылған жанармайға Еуроодақ елдерінің нарығына
жол ашады. Өйткені, құжат Еуроаймақ аумағында мойындалған.
- «Қарағанды – Жезқазған» пойызы күн сайын қатынай бастады
- Жеңіс Қасымбекке Жезқазған, Сәтбаев қалаларын дамыту жоспары баяндалды
- Ақтөбеде бір мектепке екінші рет «бомба қойған» адам іздестірілуде
- Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүрілді
-
ШҚО-да көпқабатты үйдің жертөлесіндегі дүкеннен өрт шықты
-
Велосипед ұрлаған Ресей азаматы 12 жылдан кейін Павлодарда ұсталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам