Установить для Android
×
+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Қазақстандық бенди шебері Норвегия чемпионатының үздік ойыншысы атанды

2020 жылғы 29 наурыз 14:44
Бөлісіңіз:
Қазақстандық бенди шебері Норвегия чемпионатының үздік ойыншысы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ескендір Нұғманов допты хоккейден Норвегия чемпионатының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал допты хоккейінің түлегі Е.Нұғманов норвегиялық «Реди» клубының намысын қорғайды.

Е.Нұғмановтың айтуынша, Норвегияның элиталық сериясында өнер көрсететін «Реди» үшін 2019-2020 жылғы маусым сәтті болды. Бұл елде элиталық топтан басқа тағы екі дивизион бар.

«Өткен жылы маусым алдында Швециядағы Ратвик кубогының финалына шықтық. Содан кейін Осло кубогын ұтып алдық. Чемпионатқа жақсы әзірлікпен келіп, оны да табысты өткіздік. «Реди» клубы барлығы 18 кездесу өткізіп, соның 16-сында жеңіске жетті. Біреуінде тең түсіп, біреуінде ғана есе жіберді», дейді қазақстандық ойыншы.

Осылайша «Реди» алғаш рет элиталық серияның финалына шықты. Бірақ коронавирусқа байланысты біріншілік аяқталмай қалды.

«Дегенмен маусым қорытындысы бойынша біздің команданы жеңімпаз деп таныды. Оған қоса ойыншылары ең аз айдыннан қуылған команда ретінде «Редиге» fair play сыйлығы табыс етілді. Команда құрамында менен басқа легионерлерден шведтер мен бір фин хоккейшісі ойнайды», дейді Е.Нұғманов.

Маусым барысында 29 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген Ескендір Нұғманов Норвегия біріншілігінің үздік ойыншысы атанды.


«Ослода тұрып жатқандықтан, норвег тілін меңгердім. Бапкерлікпен де айналысамын. 2002 және 2003 жылғы жасөспірімдерден құрылған екі команданы жаттықтырамын. Оған қоса бенди академиясында кішкентай балалармен жұмыс істеймін», деді Е.Нұғманов.

Допты хоккейдегі жолын оралдық «Ақжайық» командасының құрамында бастаған Е.Нұғманов Қазақстан ұлттық құрамасы сапында қысқы Азия ойындарының чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Оның әкесі Сәкен Нұғманов та белгілі ойыншы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кезінде Қазақстан құрамасын жаттықтырған бапкер.


«Балам биыл 4 қарашада 30-ға толады. Әзір үйлене қойған жоқ. Шетте жүрсе де, қазақ азаматы екендігін ұмытқан емес. Допты хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі ретінде өз елінің намысын қорғап келеді», деді ҚазАқпарат тілшісіне С.Нұғманов.

Биыл допты хоккейден әлем чемпионаты 29 наурыз – 5 сәуір аралығында Иркутскіде өтуі тиіс еді. Коронавирус қатеріне байланысты бұл біріншілік күзге қалдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT