Қазақстандық байкерлер «Road Freedom Fest» фестивалінде бас қосты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында байкерлердің «Road Freedom Fest» фестивалі өтті. Бұл жолы Астананың 20 жылдығын тойлау шеңберінде байкерлер Зеренді ауданының Елікті тау шаңғысы базасында бас қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Байкерлердің айтуынша, байкерлер қозғалысы - бұл ең әуелі тұтастай еркіндік сезімі. Музыка мен мотоцикл мерекесін ұйымдастыруға облыстық туризм басқармасы, сондай-ақ, Елікті тау шаңғы базасының әкімшілігі мен «Роад Бразерс» байкерлер клубы ұйытқы болған. Байқаудағы бір ерекшелік мұнда ең шулы қозғалтқышы бар мото техникалар өзара сынға түсті.

Мотоклубтың алға қойған мақсаты туристерді барынша көптеп тарту арқылы өңірдің туристік әлеуетін арттыру. Елікті саябағында өткен мерекеге байкерлер отбасы, өздерінің ет жақын жора - жолдастарымен келіпті. Мото шеру Елікті тау шаңғысы базасынан бастау алып, Щучье қаласы, Бурабай кенті және Көкшетау қаласында жалғасты. Кейін байкерлердің барлығы Еліктіге қайта оралды.

«Фестивальда Көкшетау және Атбасар қалаларынан келген «Джарайд» және «Периферия», сондай-ақ, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларынан арнайы шақыртылған «Джем», «Сальерика» және «Курс &» рок топтары өз өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, SYNHEZ және CRAMP сияқты ди-джейлер жиналғандардың көңілін көтерді», деді ұйымдастырушылар.
Бұл мото клубтың Елікті тау шаңғы базасында осымен екінші рет ұйымдастырып отырған байқауы. Алайда аталған тау шаңғы кешенінің әкімшілігі мен «Роад Бразерс» мото клубы сондай-ақ, облыстық туризм басқармасы бұл шараларды келер жылы да өткізуді жоспарлап отыр.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар