Қазақстандық баскетболшы қыздар Азия чемпионатына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - 28 қазан мен 3 қараша аралығында Үндістанның Бенгалуру қаласында баскетболдан 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, аталған құрлық додасына Қазақстан қыздар командасы да қатыспақшы.

Осымен 25-ші рет өтетін Азия біріншілігіне қазақстандықтар 2007 жылдан бері қатысып келеді. Алайда, команданың көрсеткіші көңіл қуантарлықтай емес.

Біздің команданың ең жоғарғы көрсеткіші 2010 жылы ғана тіркелген, ол 6-шы орын.

Ұлттық құрамаға «Ертіс», «Астана Тайгерс», сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған.

Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды.

Айта кетейік, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.

Соңғы жаңалықтар