Қазақстандық банктердің жиынтық активтері жыл басынан бері 148 млрд теңгеге дейін өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бейнеконференция байланысы режимінде Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕҚДБ) банктік операциялар жөніндегі вице-президенті Алан Пиюмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.

Онлайн-кездесу барысында тараптар Қазақстандағы қазіргі жағдайды және ҚР Үкіметінің банк секторына қатысты қысқа мерзімді іс-қимыл жоспарын талқылады.

ҚР Премьер-Министрі теңгеге деген сенімді сақтау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүзеге асырған шаралар туралы айтып берді.

Қазақстанның банк секторының елеулі капитал қоры бар екендігі атап өтілді, бұл теріс факторларға қарамастан банктерге тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, осы жылдың басынан бері банктердің жиынтық активтері 148 млрд теңгеге (0,4%) 37,8 трлн теңге көрсеткішіне дейін өсті. Меншікті капитал 96 млрд теңгеге (2,1%) өсіп, 4,6 трлн теңгені құрады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар іске асырылып жатқан жобалар мен ынтымақтастықтың басқа да бағыттары бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.


Соңғы жаңалықтар