+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстандық банктер несиені қашықтан бере бастайды

2020 жылғы 30 қыркүйек 16:36
Бөлісіңіз:
Қазақстандық банктер несиені қашықтан бере бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі биылғы 1 қазаннан бастап қаржылық қызметтерді қашықтан алу үшін биометриялық сәйкестендіру сервисін пайдаланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бағдат Мусин меморгандардың ақпараттық жүйесінен кемшілік тапқандарға сыйақы беруді ұсынды Қазақстанда инжиниринг және цифрлық трансформация орталығы құрылады ҚР Премьер-Министрі Цифрландыру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Бұл сервис «бет-әлпетті тану» технологиясы арқылы қаржылық қызметті қашықтан алу мүмкіндігін көздейді. Яғни қаржы ұйымына барудың қажеті жоқ. Клиенттерге банк шоттары мен депозиттерді ашу, төлем карточкаларын шығару, кредиттеу сияқты қызмет түрлері көрсетіледі.

«Қашықтан биометриялық сәйкестендіруді енгізу әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аясында жаңа қауіп-қатерлерге жауап береді. Сервисті қаржы қоғамдастығының пайдалануы халыққа қашықтан көрсету тәсілімен ұсынылатын қызметтер тізімін кеңейтеді», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Атап өтілгендей, аталмыш сервис банктерге, сақтандыру компанияларына, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржы ұйымдарына қолжетімді.

«Сервисті Ұлттық банк қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Жүйе ағымдағы жылғы сәуірде пилоттық режимді іске қосылды. Осы уақыт ішінде сервис екінші деңгейдегі 11 банкке халыққа 2,8 млн банк қызметін көрсетуге мүмкіндік берді.

ҚР Ұлттық банкі іске асыратын қашықтан сәйкестендіру тетігі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

СДАО сервисіне қосылуға мүдделі болған жағдайда, қаржы нарығына қатысушылар +7-7272-50-66-26 телефоны бойынша ҚБЕО-ға өтініш бере алады», - делінген Ұлттық банк ақпаратында.

Жүйенің операторы - Ұлттық Банктің еншілес ұйымы «Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT