Қазақстандық банк көз жұмған әскерилер мен полицейлердің отбасыларына 1 млн теңгеден көмек бермек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «ЦентрКредит» банкі қайтыс болған әскерилер мен полицейлердің отбасыларына миллион теңгеден береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЦентрКредит» банкі қызметтік міндеттемелерін орындау барысында көз жұмғандардың отбасыларына көмек көрсетеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Банк қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған полицейлер мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, қаза тапқан азаматтың отбасына 1 миллион теңгеден көмек көрсететіндігімізді хабарлаймыз. Сонымен қатар көз жұмған азаматтардың біздің банкте рәсімделген несиелерін кешіретін боламыз», - делінген банктің хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар