Қазақстандық балуандар Халықаралық жарыста төрт жүлде алды

None
Иллюстрациялық фото: egemen.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Беларусь елінде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ойындарында еркін күрестен ел қоржынына 4 жүлде түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солигорск қаласында өткен еркін күрестен бәсеке барысында қазақстандық балуандар 3 күміс, 1 қола алды.

Халықаралық жарыста ел құрамсынан Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Арсен Өміржан (79 келі) финалда ресейлік балуан Начын Монгуш пен Магомед Магомаевтан жеңіліп, күміс медаль алды.

Ал Мақсат Сатыбалды (86 келі) финалда әзербайжан балуаны Арсений Джиоевке есе жіберіп, тағы бір күміс медаль алды.

Сондай-ақ, Омархан Надиров (125 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық дзюдошы Қанат Нұркелді (60 келі) ТМД елдері ойындарының күміс жүлдегері атанды.


Соңғы жаңалықтар