+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Қазақстандық балуандар Франциядан 5 медаль олжалап қайтты

2020 жылғы 20 қаңтар 10:35
Бөлісіңіз:
Қазақстандық балуандар Франциядан 5 медаль олжалап қайтты

НИЦЦЕ. ҚазАқпарат – Францияда грек-рим күресінен өткен Гран-при бәсекесінде қазақстандық балуандар 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Атап айтар болсақ, қос алтынның бірін 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Аманғали Бекболатов иеленсе, екінші бас жүлдені 77 келіге дейінгі санатта сынға түскен тағы бір балуанымыз Демеу Жадыраев қанжығасына байлады.

Ел қоржынына күміс медальді 130 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жүрген Нұрмахан Тінәлиев салды. Ал екі қола медальдің бірін 55 келі салмақта белдескен Жансерік Сәрсенбиев жеңіп алса, екінші «қолаға» 67 келілік Алмат Кебіспаев ие болды.

Айта кетейік, аталған турнир 18-19 қаңтар күндері Францияның Ницце қаласында өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT