+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

2018 жылғы 23 шілде 09:03
Бөлісіңіз:
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, жарыстың соңғы екі күнінде бозкілемге еркін күрес балуандары күш сынасып, 10 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Өкінішке қарай, қазақстандық еркін күрес балуандарына Азия чемпионатының бас жүлдесі бұйырмады. Екі балуанымыз финалдық бәсекеде белдескенімен, қарсыластарына есе жіберіп, күміс медальды қанағат тұтты. Атап айтсақ, 61 келідегі Талғат Сырбаз алтын медаль үшін болған белдесуде өзбекстандық балуаннан 4:6 есебімен жеңіліп қалса, 97 келідегі Серік Бақытжанов ирандық қарсыласынан 1:6 есебімен ұтылды.

Қола медаль Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Ерғали Әлішер (92 келі), Омар Эюбов (125 келі) сынды балуандардың еншісінде.

Командалық есепте Иран, Үндістан және Өзбекстан құрамалары үздік үштікті құрады. Жапония - төртінші орында. Қазақстан балуандары бесінші орынға табан тіреді.

Осылайша, еліміздің жас балуандары Азия чемпионатында барлығы 3 алтын, 2 күміс, 11 қола медальға ие болды. Оның 2 алтын, 5 қола медалін грек-рим күресінің балуандары қоржынымызға салса, қыздарымыздың еншісінде 1 алтын, 3 қола медаль бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Күнсұлтан Отарбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT