Қазақстандық балуандар әлем кубогына қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жәмила Бақбергенова мен Азамат Дәулетбеков бүгін, 10 желтоқсанда АҚШ-та басталатын еркін және әйелдер күресінен әлем кубогында жұлдыздар құрамасы сапында сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс ережесі бойынша әлем чемпионаты рейтингі бойынша алғашқы бестікте тұрған құрамалар қатысады. Олардың қатарына жұлдыздар жинақталған алтыншы құрама қосылады.

Еліміздің атынан Азамат Дәулетбеков пен Жәмила Бақбергенова жұлдыздар жинақталған құрама сапында ойын көрсетеді.

Бірінші кезең елорда уақытымен 22:00-де басталса, екіншісі 03:00, үшіншісі 06:30-да болады. Қазақстандық балуандар екінші және үшінші кезеңде күреседі.

Айта кетсек, әлем чемпионатында әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова күміс алса, еркін күрестен Азамат Дәулетбеков қола жүлдеге қол созды.

Соңғы жаңалықтар