Қазақстандық балуан ширек финалға жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 82 келі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз Ерсұлтан Мұзафаров үшінші белдесуінде ресейлік қарсыласын таза жеңіспен ұтып, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Ерсұлтан Мұзафаров бірінші белдесуінде Моңғолия балуанын ұтса, екінші айналымда Конго балуанын қапы қалдырған болатын. Ал 100 келі салмақта қазақстандық балуан Александр Касачев қарсыласына есе жіберсе, аса ауыр салмақта Руслан Әбдіразақов кубалық балуаннан ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар