Қазақстандық балуан парадзюдодан алғаш рет әлем чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Олжас Оразалыұлы парадзюдодан Лиссабонда өтіп жатқан Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Олжас 60 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.

Ол алғашқы белдесуінде испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен ұтты. Сосын жапониялық Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Жартылай финалда Әзербайжан елінің өкілі Орхан Жараевты тізе бүктірді. Финалда алжирлік Ишак Оулдкоуидерді жығып, алтыннан алқа тақты.

Бұған дейін дзюдодан Максим Раков пен Елдос Сметов әлем чемпионы атанса, енді, міне, О.Оразалыұлы парадзюдодан Қазақ елінде тұңғыш рет осындай жоғары атаққа қол жеткізіп отыр.

Парадзюдодан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Жандос Қияновтың айтуынша, Олжас Оразалыұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 2000 жылы дүниеге келген. Дзюдомен жеті жыл бойы шұғылданған. Бапкерлері - Қайрат Баякенов, Руслан Беркімбай.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын дзюдодан аралас командалық сайыс жеңімпаздары анықталғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар