Қазақстандық балуан қыздар «Яшар Догу» турнирінен 3 медаль олжалап қайтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркияның Стамбул қаласында еркін және әйелдер күресінен «Яшар Догу» рейтингілік турнирі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан әйелдер командасы аталған сыннан үш медаль жеңіп алды. 55 келідегі Зүлфия Яхъярова финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанды. Осы салмақта бақ сынаған Марина Седневаның еншісінде қола медаль бар. Сондай-ақ, 65 келідегі Айна Теміртасова үздік үштікке енді.

Соңғы жаңалықтар