Қазақстандық балуан қыз Түркияда өткен турнирде үздік үштіктен көрінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балуан қыз Түркияда өткен Victory Cup турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Маңғыстау облысы бойынша әйелдер күресінен аға жаттықтырушы Анар Хамитоваға сілтеме жасап.

Жаттықтырушының айтуынша, Маңғыстаулық балуан қыз Әлия Даулет Түркияда өткен Victory Cup халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге әлемнің түрлі елінен грек-рим, еркін және әйелдер күресімен шұғылданатын 500-дей жас спортшы келген. Атап айтсақ, Франция, Латвия, Иран, әзербайжан, Түркия, Грузия және Қазақстаннан балуандар бақ сынаған.
«Бұл дода біздің балуан үшін Азия чемпионатының алдында жақсы сын болды. Біздің спортшының табандылығы, ерік-жігері жеңіске жетеледі. Оның осы қасиеттері алдағы айтулы жарыстарда да жеңіс тұғырына көтерілуге көмектеседі деп сенеміз. Ендігі қатысатын турниріміз 3-18 маусым аралығында өтеді. Бүгін бой алдырған қателіктерге жол бермеуге тырысамыз», - деді Анар Хамитова.
46 келі салмақта өнер көрсеткен Әлия қола медаль үшін таласта түркиялық балуанмен белдесіп, басым түсті.




Соңғы жаңалықтар