Қазақстандық балуан қыз Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының үшінші жарыс күні бозкілемге шыққан бойжеткендер арасында отандасымыз Марина Закшевская қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Марина Закшевская 50 келі салмақта ел намысын қорғап, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Марина ширек финалда қытай балуанынан жеңілгеніне қарамастан жұбаныш белдесуін сәтті өткізіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Шешуші бәсеке үндістандық балуанмен өтіп, Марина белдесуді 3:2 есебімен аяқтады.
null

Өкінішке қарай, 68 келідегі Валерия Гончарова қола медаль үшін болған белдесуде кәріс балуанының алдында әлсіздік танытып, бесінші орынға ие болды.

Айжан Сүйдуова (55 келі), Екатерина Фристова (59 келі), Айнагүл Әбирова (76 келі) Азия чемпионатының ширек финалында жаыстан шығып қалды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін аталған додада грек-рим күресінен сынға түскен балуандарымыз 2 алтын, 5 қола медальмен командалық есепте екінші орынға ие болғаны туралы жазған болатынбыз.

Фото: www.wrestling.kz

Соңғы жаңалықтар