Қазақстандық балуан Гиннес кітабындағы әлем рекордын жаңартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық балуан Сергей Цырульников таға июден Гиннес кітабындағы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан спортшылар одағының» мәліметінше, жаңа рекорд Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған шара кезінде тіркелген. Шараның салтанатты бөлімінен кейін әлемнің төрт дүркін рекордшысы Сергей Цырульников Гиннестің жаңа әлемдік рекордын орнатқан. Калибрленген металдан таға ию бойынша әлемдік рекорд бұған дейін Литва азаматының еншісінде еді. Ол бір минутта 2 таға исе, Сергей Цырульников 37 секундта 4 таға иіп үлгерді.

Спортшының рекордын Қазақстандағы Гиннестің рекордтар кітабының тіркеу офицері жазып, ресми түрде бекітті.

«Бұл тағалар шыңдалған металдан жасалған. Шамамен 940 килограмм салмаққа төтеп бере алатынын арнайы тексердік. Нидерландыда жасалған, әлемдегі ең берік таға болып саналады» - дейді рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Сергей Цырульниковтің өзі бұл рекордын Қажымұқан мен Балуан Шолақтардың ізін жалғау жолындағы талпысынтарының бір деп атады.


Соңғы жаңалықтар