Қазақстандық балуан алғашқы іріктеу сынынан сүрінбей өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 60 келіде сынға түскен Қуаныш Ысқақов алғашқы іріктеу сындарынан сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол екінші белдесуінде неміс балуанын ұпай санымен ұтып, келесі айналымға жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде 40 мемлекеттен келген 166 спортшы бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Бүгін қазақ балуандары арасында ел намысын 60 келіде Қуаныш Ысқақов, 66 келіде Қасымхан Төленбай, 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов және абсалютты салмақта Айбат Сейтен (түйе балуан) қорғайды.

Соңғы жаңалықтар