Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Камил Куруглиев еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионаты Италия астанасы Рим қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық балуан 30 шілдеде жартылай финалда 92 келі салмақта АҚШ елінің өкілі Максвелл Райан Макенеллимен күш сынасты. Белдесу барысында ол сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 12:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды.

Енді ол 31 шілдеде финалда венгриялық Муса Ашрункаевпен тартысқа түседі.

Финалдық ойындар елорда уақытымен 21:00-де басталады.

Сондай-ақ. ел құрамасынан Нұрданат Айтанов (51 келі)сол күні қола жүлдеге таласады.

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Азия біріншілігіне қатысатын қазақстандық балуандар анықталды.

Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар.


Фото: kazakhstan__wrestling


Соңғы жаңалықтар