Қазақстандық балуан Әлем чемпионатының финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Будапеште өтіп жатқан күрес түрлерінен Әлем чемпионатының екінші күнінде 57 келі салмақтағы Нұрислам Санаев финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен сынға түсіп жатқан Нұрислам Санаев алғашқы белдесуде Самоадан келген балуанды жеңді. Ал 1/8 финалда 10:0 есебімен украиндық спортшыдан айласын асырды. Ширек финалда Нұрислам 11:6 есебімен Түркия өкілінен басым түсті. Жартылай финалда америкалық Томас Гилманды (11:0) жеңіп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Н. Санаев 22 қазан күні «алтын» үшін жекпе-жекті ресейлік Заур Угуевпен өткізеді.  

Өкінішке қарай, Дәулет Ниязбеков (65 кг), Бақтияр Ізбасаров (79 кг) пен Нұрғали Нұрғайыпұлы (92 кг) қарсыластарына жол беріп қойды.

Финалда кездесетін жұптар:

57 кг. Заур Угуев (Ресей) - Нұрислам Санаев (Қазақстан)
65 кг. Такуто Отогуро (Жапония) - Буния Бажранг (Үндістан)
79 кг. Кайл Дейк (АҚШ) - Джабраил Гасанов (Әзербайжан)
92 кг. Иван Янковский (Беларусь) - Джей Майкл Кокс (АҚШ). 

Еске салайық, 21 қазан күні еркін күрестен 61, 74, 86 және 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық балуандар жүлделі орындарға таласу мүмкіндігіне ие бола алмады.

Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен Әлем чемпионаты қазанның 20-28 аралығында өтеді. Жарысты алғашқы болып еркін күрес балуандары бастады. Одан кейінгі күндері бозкілемге бойжеткендер шықса, доданы грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды. Ел намысын 28 балуан қорғауда.

 

 

Соңғы жаңалықтар