Қазақстандық балуан әлем біріншілігінде жарақат алып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Будапеште жалауын көтерген күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақ балуандарының жолдары болмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 21 қазан күні еркін күрестен 61, 74, 86 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде чемпиондар анықталады.

61 келіде ел намысын қорғаған Қуат Әміртаев алғашқы белдесуінде украиналық балуаннан 1:11 есебімен ұтылып қалды. Қуаттың бұлай жеңілуіне кездесу барысында жарақат алуы себеп болды.

Ал 74 келіде Молдова және Қытай балуандарын жеңген Болат Сақаев ширек финалда италиялық Франк Чамизодан жеңілді. Чамизо жартылай сында ресейлік спортшыға есе жіберген соң Сақаев жұбаныш сынында белдесу құқығынан айырылды.

86 келідегі Әділет Дәуленбаев алғашқы сында Беларусь балуанына 2:9 есебімен жол берді.

125 келі салмақ санатындағы Ермұхамед Іңкәр молдовалық балуаннан ширек финалда 9:1 есебімен ұтылып қалды. 

Бұған дейін аталған әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын балуандарды таныстырып өткен болатынбыз.

Жарыс 28 қазанға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар