Қазақстандық балалардың ең сенімді ақпарат көзі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық балалар өз ата-аналарын ең сенімді ақпарат көзі деп есептейді. Бұл тұжырымды Астанада өткен «Бақытты бала - бақытты отбасы - бақытты ел» атты дөңгелек үстел аясында Қоғамдық пікірді сараптау орталығының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауалнамаға 8-17 жас аралығындағы Қазақстанның түпкір-түпкірінде тұратын 2 мыңнан астам бала қатысты. Олардың 60 пайызы ең сенімді ақпарат көзі ретінде өз ата-аналарын көрсеткен. Қалған 20%-ы - интернет, 13%-ы - теледидар деп жауап берген.

Айта кетерлігі, балалардың барлығы дерлік басылымдарды оқымайды (91%) және радио тыңдамайды (97%).

Сондай-ақ, VKontakte мен WhatsApp қазақстандық балалар арасындағы танымал әлеуметтік желілер тізімінде көш бастады. Сауалнамаға қатысушылардың тең жартысы бұл желілерді «тұрақты» немесе «жиі» қолданады. Танымал әлеуметтік желілер үштігін Instagram түйіндейді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Интернет, теледидар, газет-журналдар мен радио Қазақстан балаларының өмірге деген көзқарасының қалыптасуында маңызды рөл ойнамайды. Балалардың пікірінше, құндылықтардың дамуына үйдегі тәрбие, мектеп, достар және ата-ана үлгісі ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар