Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

2019 жылғы 22 сәуір 01:54 1029
Бөлісіңіз:
Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балалар Әли мен Әмір әйгілі футбол жұлдызы Лионель Мессимен кездесті. Бұл туралы бүгін баланың анасы Ақмарал Әміреева өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды.

Ұқсас жаңалықтар
Дәріден уланған ақмолалық балалар тілге келе бастады Талдықорғанда бойжеткенді қағып, ізін жасырған жүргізуші ұсталды

«Мен жаратқанға Әли мен Әмірдің арманын орындағаны үшін алғысымды білдіремін. Әли армандады, Жаратқан оның арманын орындады. Біз Қайрат Боранбаев мырзаға осы сапарға демеушілік еткені үшін алғысымызды білдіреміз. Біз Барселона футбол клубымен көп уақыттан бері байланысып жүрдік. Мұндай кездесуге қол жеткізу  оңай емес еді, әрине. Алайда, біз осындай мүмкіндіктің орайы туғанда әрі қарай не істерімізді білмей дал болдық. Өйткені ол жаққа барып, келу мен онда жатын орын жалдап тұру біз үшін өте қымбат болатын. Осы кезде бізге көмекке  Қайрат Боранқұлов мырза келді. Әлиді Барселонаға шақырып жатқанын естіген ол  біздің сапарымыздың құнын төлеп берді. Біздің Сізге алғысымыз шексіз, армандарыңыз орындала берсін!»,-деп жазды балалардың анасы.


Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

Сондай-ақ Ақмарал Әмірееваның жазуынша, Барселонада   Месси Әлиді өте жылы қабылдаған. Сол сәттегі қуаныш пен шаттыққа толы көңіл-күйді жеткізу мүмкін емес. Осыншама жоғары деңгейдегі футбол жұлдызы өзін өте қарапайым ұстады және Әлиге жылы шырай танытып, ұдайы құшақтаумен болды»,-деп жазды Әлидің анасы.     


Қазақстандық балалар әйгілі футбол жұлдызы Мессимен кездесті

Осы ретте ол сапар барысында қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның Барселонадағы консулдық қызметкері Ринат атты азаматқа да алғысын білдірді.

«Ол өзінің жұмысының тығыздығына қарамастан бізді назарынан тыс қалдырмады. Оған біздің алғысымыз шексіз»,-дейді Әлидің анасы.   

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT