Қазақстандық бала футболдан FIFA ӘЧ-2018 финалында ойыншылармен алаңға шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -9 жасар Мадали Исабек футболдан әлем біріншілігі  финалында бой көрсетеді. Ол әлемдік доп додасының ақтық кезеңіне өтетін қос команда ойыншыларының біреуімен алаңға ілесіп шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қазақстандық жедел тамақтану қызметін ұсынатын компаниялардың  бірі келушілер арасында акция өткізіп, нәтижесінде 13 адам жеңімпаз атанды. Оның 5-еуі футболдан әлем чемпионатының ширек финал ойындарына, 4-еуі жартылай финал ойындарына, 3-еуі ақтық финал ойындарына жолдама ұтып алды. Ал, ең басты сыйлық -  ӘЧ-2018 финалына өтетін қос команда ойыншыларының қолынан ұстап шығу мүмкіндігіне Мадали Исабек ие болды. Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан мен Ресейлік Андрей Аршавин марапаттады

null«Мен өте қуаныштымын, бұл - менің ең үлкен армандарымның бірі. Мен футболды кішкентай кезімнен жақсы көремін. Достарыммен, сыныптастарыммен футбол ойнаймыз. Және мен футбол үйірмесіне қатысамын. Футболдан әлем чемпионатында Қазақстанның атынан шығамын, мені бүкіл әлем көреді. Ең мықты футболистердің  қолынан ұстап шығу құрметіне ие болғаныма ризамын. Жолдаманы ұтып алған ата-анама алғыс айтамын»,-деді Мадали Исабек.

nullСондай-ақ Мадали футболдың өмірінде үлкен орын алатынын, болашақта Қазақстан ұлттық футбол құрамасының қатарында ойнағысы келетінін айтты.

nullФутболдан әлем біріншілігінің финалы 15 шілдеде Мәскеудегі «Лужники» стадионында өтеді. Жалпы, чемпионатта командалардың ойыншыларымен бірге Ресейдің өзінен 1276 бала, қалған 50 елден 132 бала алаңға шығады деп жоспарланған.

null«Мейрамханада тамақтанып, түбіртекпен бірге купон алдық. Кодты тіркедік. Кейін мамандар хабарласып, мыңдаған адамның ішінен жеңімпаз атанғанымызды айтты. Бәрінен бұрын ұлымның әйгілі футболшылармен қол ұстасып алаңға шығатынына қатты қуандым. Бір жағынан балама қызығып тұрмын, бұл оның есінде мәңгі қалатын, ұмытылмайтын естелік»,-деді әкесі Мейрамбек Исабеков.

Соңғы жаңалықтар