Қазақстандық БАҚ өкілдері Пхенчхан қаласына келді

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық БАҚ өкілдерінің соңғы легі Оңтүстік Кореяға келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігінің XXIII қысқы Олимпиада ойындарына барған арнайы тілшісі.

Бүгін XXIII қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура 3 күн қалды. Кеше  Оңтүстік Кореяға бет алған рейсте Олимпиада ойындарынан арнайы хабар таратуға Астанадан бірқатар отандық БАҚ өкілдері аттанған болатын.

Бүгін олар олимпиадалық қалашықтың іргесінде орналасқан қонақ үйлердің біріне келіп жайғасты. Кореялықтар шетелден келген қонақтарды өте жақсы көңіл-күймен қабылдап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Аталған төртжылдық додада Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Ал жалпы Олимпиадада 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Соңғы жаңалықтар