Қазақстандық әйелдердің орташа неке жасы аталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан әйелдері туралы инфографика дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы жыл басындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9,8 миллион әйел және 9,3 миллион ер адам тұрады.

Бұл ретте 6 миллионға жуық әйел қалада, 3,8 миллионы ауылда тіршілік кешіп жатыр. Қазақстандық әйелдердің орташа жасы – 33,5, некеге тұру жасы – 24,8.

Өмір сүру ұзақтығы 75,5 жас. 2021 жылдың 4-тоқсанындағы деректерге сәйкес, әйелдер көбінесе келесі кәсіби салаларда жұмыс істейді: білім беру, бизнес және басқару, сатушылар мен сату қызметкерлері, сауда, қызмет көрсету.


Соңғы жаңалықтар