Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы WBA рейтингінің үздік бестігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) рейтингіндегі көрсеткішін айтарлықтай жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBA Gold тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы атақты жеңіп алған Қоңқабаев тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Оның үстінде қазір рейтингте Юниэль Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Баду Джек (25-3-3, 15 КО) тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев желтоқсан айының ортасында Алматыда өткен бокс кешінде британдық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) техникалық шешіммен жеңіп, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар