Қазақстандық ауыр атлеттер халықаралық жарыстан екінші орын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Орынбор облысында ауыр атлетикадан өткен халықаралық ашық кубокта Қазақстан құрамасы екінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы хабарлағандай, аталған халықаралық жарысқа Қазақстаннан Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Қостанай облысынан 3 команда қатысты.

Нәтижесінде, біріккен Қазақстан құрамасы жарыс иелеріне бір ұпай есе жіберіп, екінші орынды жеңіп алды.

Жарыста 89 кг-ға дейінгі салмақта сынға түскен қостанайлық Ренат Баударбеков 402 ұпайды бағындырып, аюсолютті чемпион атанды. Ал әйелдер арасында «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты Арайлым Жанет 64 кг салмақта абсолютті чемпион атанды.

Қазақстанның біріккен құрама командасының жарыс нәтижелері томендегідей:

Аян Байзақов (Қостанай) - 1 орын (73 кг)

Ержан Жұмағұлов (БҚО) - 1 орын (81 кг)

Глеб Гаврилов (Ақтөбе) - 1 орын (109 кг) - «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты.

Сержан Хамидолла (БҚО) - 3 орын (55 кг)

Данагүл Урашева (БҚО) - 3 орын (59 кг)

Нұржан Қожин (Ақтөбе) - 3 орын (67 кг) - «Жас Қуат» бағдарламасының стипендиаты.

Соңғы жаңалықтар